Популярные новости
«Жол табалық ақылмен»

Модельдік балалар кітапханасында Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларына арналған «Жол табалық ақылмен» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараға Б.Шолақ мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Нурмуханова Т.К. қатысты.
«Бұл барлығы үшін маңызды»

Модельдік балалар кітапханасын маманы С. Нурманова мектеп-лицейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты «Бұл барлығы үшін маңызды» атты ақпараттық сағат өткізді.Сонымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасы да таныстырылды.Іс-шараға мектеп-лицейінін 9-сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы В.А. Будау қатысты.