Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде қазақтың бағына біткен қарымды қаламгер,қазақ әдебиетінің классигі атанған дарабоз жазушы,ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған "Қаламгердің ұлы мұрасы" атты мәнерлеп оқу сағатын өткізді.Іс-шараға 6"А" сынып оқушылары белсенді атсалысып,"Еңлік-Кебек" пьесасының үзінділерін рөлдерге бөліп оқып,кішкене импровизациялық көрініс те ойнады.Оқушылар қарымды қаламгердің шығармаларымен сусындап,"Қараш-қараш","Көксерек" туындыларының сюжетімен түсірілген фильмдерден көріп-білгендерімен бөлісіп,шағын кітап-көрмесімен танысты.Іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен мектеп кітапханасының кітапханашысына алғыс білдіреміз.

Модельдік балалар кітапханасының мамандары кітап оқуды дамыту мақсатында "Кітап оқу-отбасылық дәстүр" атты виртуальды әдеби-вернисаж ұсынады.Жалпы кітап адамзат қоғамындағы маңызы зор орын алатын құнды дүниелердің бірі. Әдеби вернисажымызға жас оқырман отбасы атсалысып,келешекте өмірлерін кітаппен байланыстырғысы келетіндіктерін жеткізді.Оқыған адамды тылсым тұңғиығына әкететін кітаптарды қолыңызға ұстай отырып "Кітаптың бағасы арзан,іші толған маржан" деп бекер айтылмағанына көз жеткізесіз.Өміріңіздің бір сәтін болсын не өзіңіз кітап оқуға,не отбасыңызбен қызықты кітаптар оқуға арнағыңыз келсе біздің кітапханаға ат басын бұрыңыз! 

Үздіктерге арналған марапат пен тілектер//// BULANDY AQPARAT – 24 қыркүйек. – 1б.

Ширинская Л. Все начинается с семьи// BULANDY AQPARAT - 17 сентября. – С 2.