Популярные новости
«Тәуелсіздік- ұрпақтар мақтанышы»

«Тәуелсіздік- ұрпақтар мақтанышы»

Балалар кітапханасында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік- ұрпақтар мақтанышы» атты бейне сабақ өтті.

     Іс шараға БалуанШолақ мектеп лицейінің 5 б- сынып оқушылары және сынып жетекшісі Шайтекей Шолпан қатысты. Балалар кітапханасының маманы Нұрманова С. Тәуелссіздіктің мәні мен маңызы тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін ,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімеледі. Қатысушылар Желтоқсан оқиғасы кезінде қыршын кеткен боздақтарды орындарынан тұрып, бір минут үнсіздік жариялап, еске алды. Оқушылар назарына «Желтоқсан оқиғасының белгісіз суреттері» атты бейне жазба ұсынылды. Суреттерде желтоқсан оқиғасына қатысып, қазақ халқының жері, болашағы үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қаһармандар: Рысқұлбеков Қ.,Асанова Л., Мухамеджанова С., Сыпатаев Е. туралы айтылды. № 5 мектепептің 9-сынып оқушысы Шешхан Ө. домбырада «Желтоқсан жаңғырығы » атты толғауды орындады. Тарихы желтоқсаннан бастау алған «Желтоқсан желі ызғарлы» бейнефильмін тамашалады.Оқушылар тәуелсіздік туралы тақпақтарын мәнерлеп оқыды.Олар: Хайратбек Ш., Малтаева С.,Уранбай Ж., Құдайберген С., Мухамадиев Д..Балалардың назарына «Тәуелсіздік-біздің мақтанышымыз» атты кітаптар көрмесі ұсынылды.

«Тәуелсіздік- ұрпақтар мақтанышы»

скачать dle 10.6фильмы бесплатно

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.