Главная > Елім-ай > Өлкем менің мақтанамын өзіңмен

Өлкем менің мақтанамын өзіңмен


25-04-2018, 09:28. Разместил: Администратор
Өлкем менің мақтанамын өзіңмен

«Туған жерге туыңды тік!» -деген дана халқымыз.Бұл-әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді.Яғни,кез келген азамат өзінің тарихына,мәдениетіне,салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.

.Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Осы мақсатта балалар кітапханасыныда «Өлкем менің мақтанамын өзіңмен» атты әдеби-музыкалық сағат өтті. Іс шараға Б.Шолақ мектеп-лицейінің 8б –сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Ембергенова Р.С.катысты. Кітапхана маманы Нурманова Салтанат Бұланды ауданының тарихы,талантты перзенттері,киелі жерлері туралы мәлімет берді. Балуан Шолақ,Тұрсынбек Кәкішев,Ермек Қаратаевтың өмірі,шығармашылығы туралы айтылды. «Елім-ай» клубының мүшелері: Исабаева Куаныш,Жолдасова Маржан,Медеубаева Айгерім,Шамышева Айгулдің қатысуымен өлең оқылып,ән орындалды. «Менің Отаным-менің болашағым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қазақ елінің бәсекеге қабілетті,жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен,ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді,құндылығымызды сақтай білуіміз керек. XXІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.


Өлкем менің мақтанамын өзіңмен

Вернуться назад