Главная > Жаңалықтар > Модельдік балалар кітапханасы,жаңа кітаптар топтамасы

Модельдік балалар кітапханасы,жаңа кітаптар топтамасы


9-08-2021, 10:55. Разместил: Администратор
Модельдік балалар кітапханасының «Балақайлар,сіздер үшін жаңа кітаптар!» атты кітап көрмесінен тағы да жаңа кітаптар орын алған болатын.Солардың ішінде «Мазмұндама» қоғамдық қорының «Оқуға тиісті 10 кітап», «Qazaqsha 100 bestseller» серияларынан мотивацияға толы,танымдық мән-мағынасы зор шетелдік бестселлер авторларының шығармалары жинақталған. «Онсыз да қым-қуыт өмірдің ала-құла, соқтықпалы-соқпақсыз жолымен жұмыс, оқу, әйтеуір бітпейтін тірлік деп жүріп, айналаңызда болып жатқан игі істерді байқамай, өзіңізді ұмытып, көңіліңізді мұң басса,күйбең тірлік сәл де болсын қажытса санаңызды сергітіп, ойыңызды өзгертіңіз.Ол үшін сәл ғана уақытыңызды бөліп ешқашан ескірмейтін,өлмейтін досыңыз кітапқа жүгініңіз!»- дейді әлемдік бестселлер авторлары.Отбасы қағидалары,кемелдену кезеңдері,табыс табудың оңтайлы тұстары тағы сол сияқты адамға керекті қысқаша ақпараттандыру тақырыптары ұсынылған,жігерлендіру мақсатындағы кітаптар сізді де бей-жай қалдырмайтынына бек сенімдіміз.Кітап оқып,рухани бай болайық,құрметті оқырмандар!





Вернуться назад