Главная > Жаңалықтар > Құқық сағаты «Бала құқығы - асыл қазына»

Құқық сағаты «Бала құқығы - асыл қазына»


27-08-2021, 11:19. Разместил: Администратор

Модельдік балалар кітапханасының мамандары өскелең ұрпақты Отансүйгіштік пен рухшылдыққа,ерлік пен қайсарлыққа жол нұсқау және де өткен тарихтан азды-кемді ақпарат беру мақсатында «Бала құқығы-асыл қазына» атты құқық сағатын өткізіп,елдігіміздің,тәуелсіздігіміздің,азаттығымыздың айғағы болған Ата Заңымызға арналған бейнероликті ұсынады. Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 26 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Қазақстанның ширек ғасырлық кезеңдегі әлемдік аренадағы бейбітсүйгіш, бітімгерлік, теңгерімді қарым-қатынасы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену ұмтылысы Конституция баптарындағы құндылықтардың жемісі деп айтуымызға болады.Елдің болашағы «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан ақын айтқандай жастарымыздың және өскелең ұрпақтың қолында. «Болар бала жасынан» дегендей өз кезегімізде біз де артымыздан ерген жас буынды-балапандарымызды қорғай білейік.Өткенімізді біліп,бүгінімізді бүтіндесек ертеңіміз жарқын болатынына бек сенімдіміз!Жасай берсін,Қазақ елі! 

Вернуться назад