Главная > Жаңалықтар > Модельдік балалар кітапханасы "Жас өрендер жарады"

Модельдік балалар кітапханасы "Жас өрендер жарады"


21-09-2021, 12:00. Разместил: Администратор

Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні мерекесінің онкүндігіне орай Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мамандарының бірлескен іс-шаралары өткізілген болатын.Атап өтсек,модельдік балалар кітапханасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Абайды оқы,таңырқа!" атты поэтикалық онлайн-батл,модельдік орталық аудандық кітапханасының "Поэзия-властитель языка" атты әдеби қонақжайлығын,сонымен қатар ортақтаса ұйымдастырған "Мен қазақша сөйлеймін" онлайн-акциясы болатын.Кітапханамыздың жас оқырмандары белсенділік танытып,аталмыш іс-шараға құлшына кірісті.3 номинация бойынша Макинск қаласының мектеп оқушылары арасында жүзден жүйрік шыққан қатысушыларды марапаттау кеші Coworking орталығында өтті. Марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды оқушылардың ата-аналары және жетекшілерінің алдында Бұланды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы О.Құрымбаева өз қолымен табыстап,жас өрендерге шығармашылық табыс тілеп,кітапхана ұжымына алғысын білдірді.Кеш соңында іс-шара қатысушылары жалпы естелік суретке түсіп,мерекелік көңіл-күймен тарқасты.










Вернуться назад