Главная > Жаңалықтар > «Көңілім менің көктемдей» әдеби - сазды кеші өтті
«Көңілім менің көктемдей» әдеби - сазды кеші өтті1-03-2022, 11:00. Разместил: Администратор |
28 ақпанда Бұланды ОКЖ-нің модельдік аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне кірген жерлес ақын Жайнарбек Зандыбайдың шәкірті, жергілікті жас ақын Тілек Серікұлының шығармашылығына арналған «Көңілім менің көктемдей» әдеби - сазды кеші өтті. Іс - шараға оқырмандар,ақынның туған – туыстары, достары, шәкірттері келді. Әдеби - сазды кешке Нұр-Отан партиясы аумақтық филиалының төрағасының 1-ші орынбасары Раушан Түрікменбайқызына сөз сөйлеп,Сәулетай Ералықызы шашуын шашты. Іс-шарада ақынның өлеңдерін тыңдалып, Азатбек Бергенбек «Арнау» орындап, ауданымыздың жас ақындары өлеңдерін оқып, ән орындалды.Вернуться назад |