Главная > Жаңалықтар > «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында әдеби сағат

«Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында әдеби сағат


5-08-2022, 16:30. Разместил: Администратор

Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың туғанына биыл 80 жыл толуына орай модельдік орталық аудандық кітапханада «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында әдеби сағат өтті. 

Іс-шара барысында жүргізушілер ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы  мағлұмат беріліп, Мұхтар Шахановтың ашық сұхбатынан бейне ролик көрсетілді. Модельдік балалар кітапханасының маманы Дағиман Еламан және модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Бахытхан Шынар ақын жырларының құдіретін сезіндіріп, мерейтой иесінің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Көркемсөз әлемінің кемеңгері» атты кітап көрмесі жасалды. Шараға жастар ресурстық орталығы шақырылды.





Вернуться назад