Главная > Жаңалықтар > «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» ток-шоу
«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» ток-шоу16-09-2022, 09:59. Разместил: Администратор |
2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Осы орайда Бұланды орталық аудандық кітапханасында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты ток-шоу өтті. Іс шараға Бұланды ауданды «АМАНАТ» партиясы филиалының төрағасы Ходжабай Раушан Түркменбайқызы, мәдениет саласының маманы Гүлмира Салықжанқызы қатысты. Іс-шараның қонақтары: Аймағамбетовтар отбасы 43 жыл, Сәдуақасовтар 44 жыл, Кенжебаевтар 21 жыл, Қуанышевтар 18жыл, Сәрсенбаевтар 4 жыл отасқан. Әр отбасы ел ішінде өздерінің мейірімділігімен, еңбекқорлығымен, мықты маман ретінде қалыптасқан және жастарға отбасылық құндылықтары мен дәстүрлері туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Мерекенің көркін көңілді және әсерлі әндер ашты. «Отбасы – тірегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шара соңында әр отбасы Бұланды ауданыны мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шортаев Серік Төлеутайұлының алғыс хатымен және кітапханадан сыйлық ретінде «Үкілі Ыбырай», «Біржан сал» «Ақан сері» кітаптары табыс етілді.
Вернуться назад |