Главная > Жаңалықтар / Модернизация общественного сознания > Музыкалық әдеби кеш «Туған өлкем - Қазақстан»
Музыкалық әдеби кеш «Туған өлкем - Қазақстан»21-10-2022, 12:30. Разместил: Администратор |
Мереке қарсаңында Бұланды модельдік орталық аудандық кітапханасында «Туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында музыкалық әдеби кеш өткізілді. Іс – шараға ауданымыздың «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Раушан Түркменбайқызы, аудандық мәслихаттың депутаты, «ХПП Арна» ЖШС директоры Клара Тұңғышқызы Меңдібаева, Бұланды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабаева Мерея Жанатқызы, Бұланды ақпарат газетінің редакторы Аманжолова Айгүл Егізбайқызы, Бұланды ауданы ішкі саясат бөлімі бас маманының міндетін атқарушы Ибрагимова Саяна және қала мектептерінің тарих пән мұғалімдері, оқушылары қатысты. Бұланды ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы Жайнарбек Зандыбайұлы өзінің «Қазақ елі болу керек мәңгілік» өлеңін және модельдік балалар кітапханасының маманы Дагиман Еламан «Қазақстан» атты жыр шумақтарын тарту етті. Қазақтың қара домбырасын арқалап келген қаламыздың музыка мектебінің директоры Сертай Жантайұлы әсем әндерімен тамаша көңіл күй сыйлады. «Тарихи естеліктер» кітап көрмесіне шолу жасалды. Вернуться назад |