Главная > Жаңалықтар > "Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын!" - патриоттық сабақ
"Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын!" - патриоттық сабақ15-12-2022, 14:31. Разместил: Администратор |
Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарды елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту,ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында "Мен тәуелсіз елдің азаматымын!" тақырыбында патриоттық сабақ өткізді.Шара барысында Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер айтылып,бейнеролик көрсетілді.Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы қиыншылықтар мен ауыр кезеңдер жайлы баяндалып,тарих пәніне байланысты викториналық сұрақтар қойылды.Іс-шараға арналып жасалған кітап көрмесі таныстырылып,ерлік пен елдік,бірлік пен тірлік туралы сөз қозғалды. Вернуться назад |