Главная > Жаңалықтар > Әңгіме сағат «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы»

Әңгіме сағат «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы»


15-02-2023, 14:40. Разместил: Администратор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті: адалдықты, инабаттылықты, әділеттілікті қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау мақсатында Бұланды орталық модельдік аудандық  кітапханасында «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әңгіме сағаты өтті. Ісшара Бұланды аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, мемлекеттік қызметшілер, ӨСБ – 8 жеке құрамы және жастар ресурстық орталығының жастарының қатысуымен өтті.

Өз сөзінде жетекші іс-шаралар сыбайлас жемқорлықтың түрлері  мен себептері туралы айтып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына мысалдар келтіріп, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудегі қоғамдық ұйымдардың рөліне тоқталып, сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шараларын атап өтті. Жиналғандар арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы шаралар туралы қызу пікірталас болды. Ісшара барысында «Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары» бейнеролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – ортақ мақсатымыз» атты көрме – рефлексия әзірленді. 






 

Вернуться назад