Главная > Жаңалықтар > "Менің отбасым - кітаптың нағыз достары" - ойындық бағдарламасы
"Менің отбасым - кітаптың нағыз достары" - ойындық бағдарламасы7-04-2023, 17:00. Разместил: Администратор |
Модельдік балалар кітапханасында 03 – 07 сәуір аралығында жоспарланған, оқырмандардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін артыру мақсатында ұйымдастырылған "Балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы" өз мәресіне жетті. Апталықтың басынан бастап "Балалар,асығыңыздар,бізге Кітап апталығы келді!" мерекелік калейдоскобы,"Шәкәрім өсиеті - адалдықтың айнасы" поэтикалық сағаты,"Менің сүйікті кітабым" әдеби круизы,"Балдай тәтті балалықтың бастауы" библиоквизі және "Менің отбасым - кітаптың нағыз достары" ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп,барша оқырман қауым керемет көңіл-күйге бөленді.Отбасылық ойын-сауық бағдарламасына 5 отбасы қатысып,түрлі-түрлі кезеңдерден тұратын қызықты тапсырмалар орындады.Кітап әлемінің қиялы мен қызығына толы Кітап апталығы әсерлі әуенмен,тәтті ертегілермен,мағыналы мазмұнымен,ойын-сауығымен,еркін форматтағы іс-шараларымен,сан түрлі тапсырмаларымен естелікке толы сәт ретінде көптеген сәбидің есінде қалды. Шара соңында апта бойы белсенді қатысқан оқырмандар мадақтама қағаздары мен түрлі сыйлықтармен марапатталды. Вернуться назад |