Главная > Жаңалықтар > "Солтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат" - әдеби дилижанс
"Солтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат" - әдеби дилижанс13-04-2023, 15:30. Разместил: Администратор |
Дана қазағым «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деп бекер айтпаған. Қазақ халқының ұлттық сана¬сының ерекшелігі – туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарды Қазақстанның киелі жерлерімен,тарихымен таныстыру.Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу,сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту,ас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүюге жетелеу мақсатында "Солтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат" атты әдеби дилижанс өткізді.Іс-шараға Балуан Шолақ мектеп-лицейінің оқушылары қатысып,өздері білетін киелі жерлер туралы сөз қозғалды.Киелі жерлер туралы тың ақпараттар айтылып,солтүстік аймақтардағы киелі жерлер жайындағы кітаптар таныстырылды. Вернуться назад |