Главная > Жаңалықтар > Домбыра-музыкалық мұра

Домбыра-музыкалық мұра


30-06-2023, 18:52. Разместил: Администратор

30 маусым күні Бұланды орталық кітапханасының модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық аспап домбыра күніне арналған «Домбыра-музыкалық мұра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Ісшараға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды. Ісшара жүргізуші домбыраның қазақ халқының ұлттық кодының ажырамас бөлігі, көне заман шежіресі екенін айтты. Жиналғандар назарына «Домбыра – қазақ халқының жаны» атты бейнеролик көрсетілді. Ісшараара барысында қатысушылар әйгілі күйлерді тыңдады. «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесінде әдеби шолу өтті. Іс-шараның мақсаты: қазақтың ұлттық аспабы домбырамен таныстыру, жиналғандардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Вернуться назад