Главная > Жаңалықтар > «Мейіріммен достыққа жақындаймыз» толеранттық сабақ
«Мейіріммен достыққа жақындаймыз» толеранттық сабақ2-03-2018, 17:15. Разместил: Администратор |
Модельдік балалар кітапханасының аға-маманы Капизина Айжан Алғыс айту күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалармен «Мейіріммен достыққа жақындаймыз» атты толеранттық сабақ өткізді. Кітапхананың белсенді окырмандарының Балуан Шолақ мектеп-лицейінің 6 - б сынып оқушылары (Болатов.Ш, Жанайдаров.Н, Олжабай.Д),7- а сынып оқушылары (Шерипбаева.К,Молдахметова.Д),8 - а сынып оқушылары (Макенова.Э, Каиркен.А,Исабаева.К ) қатысуымен тақпақтар айтылып,ән орындалды, «Жақсылық жасай біл» атты қойылым көрсетіліп,барлығы флэшмобқа қатысты. «Бұланды ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» ММ-нің басшысының орынбасары Казиева Б.К.,бас маманы Ахмадина Ж.С.ісшараға қатысушы балаларды мерекемен құттықтап тәтті сыйлықтар сыйлады. Кітапхананың атынан жас өнерпаздар іс-шараға қатысқан балаларға естелік сыйлықтар ұсынды. Іс-шараның соңында Макинск қаласының әкімі аппаратының әлеуметтік кызметкерлері Әмірбекова Б.Б.,Муждабаева Т.Л.,Сарсембаева Б.Қ. балаларға мерекелік шай ұйымдастырды. Вернуться назад |