Главная > Жаңалықтар / Әдістемелік жұмыстар > 2020 жылдың аяғындағы қалалық кітапханалар қызметін талдау

2020 жылдың аяғындағы қалалық кітапханалар қызметін талдау


3-02-2021, 20:40. Разместил: Администратор

Кітапхана өмірінде жыл сайын алғашқы әдістемелік кеңесті өткен жылдың қорытындыларына арнау дәстүрге айналды. Биылғы жылы да ерекшелік болған жоқ. Директордың жанындағы әдістемелік кеңестің «2020 жылдың аяғындағы қалалық кітапханалар қызметін талдау» тақырыбында отырысы өтті. Әріптестермен кездесулер барысында есептер талқыланды, әріптестердің белгілі бір бағыттардағы жұмысының оң жақтары аталып өтті, халыққа қызмет көрсету және жеке жұмыс бойынша ұсыныстар берілді. Балалар мен жастардың кітап оқуына басшылық жасау, сондай-ақ интернет кеңістігінде кітапхана қызметін насихаттау жұмыстарына ерекше назар аударылды. Қорытындылай келе, әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 





Вернуться назад