Главная > Жаңалықтар > Бейне презентация «Әке дәстүрі ұрпаққа сын»
Бейне презентация «Әке дәстүрі ұрпаққа сын»23-04-2021, 11:00. Разместил: Администратор |
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мейрамдары ғасырлар бойы дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері бар. Әр ұрпақ әкелерінің өмірі туралы білуі, ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын есте сақтауы керек. Ағаш тамырсыз өсе алмайтыны сияқты, адам да өз отбасының, қаласының, елінің тарихынсыз өмір сүре алмайды. Әр отбасы - жеке мемлекет. Мемлекеттің негізін қалаушы, оны басқарушы, отағасы - әкесі. Отбасының рухани және материалдық жағынан мықты болуы әкесіне байланысты. Әке - үлкен күш пен шыдамдылықтың иесі. Әкенің өсиеттері мен ілімдері маңызды. Жас ұрпақ бойында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, аға ұрпақты құрметтеу, қазақтың ырым-тыйымдары мен дәстүрлері туралы ой-өрістерін кеңейту мақсатында Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапхансының мамандары сіздер үшін әлеуметтік желілерде «Әке дәстүрі – ұрпаққа сын» атты бейне презентацияны дайындап, назарларыңызға ұсынады
Вернуться назад |