Главная > Жаңалықтар > Рухани келісім – бірлікке бастар жол

Рухани келісім – бірлікке бастар жол


17-10-2024, 10:58. Разместил: Администратор

18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, түрлі ұлт, дін өкілдеріне төзімділік пен құрмет, рухани мәдениетті қалыптастыру мақсатында Макинск қаласының мектеп-лицейінде ішкі саясаты бөлімі мен модельдік орталық аудандық кітапхана бірлесіп «Рухани келісім – бірлікке бастар жол» әңгіме сағаты өтті.

Ісшараға Бұланды ауданының әкімі Ардақ Дулатұлы Смайылов, Дін қызметкерлері, Ақсақалдар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Якуб Курейшевич Кусиев, облыстық маслихат депутаты Клара Тұңғышқызы және мектеп - лицей мен гимназия оқушыларының қатысуымен Кездесу барысында ашық пікірталас өтті. Ісшараға шақырылған қонақтар Рухани келісім күнінің маңыздылығы, өскелең ұрпақ арасында бейбітшілік пен келісімді сақтауды насихаттау туралы айтылды. «Руханият – бейбітшілік пен келісім жолы» атты көрме-пікірталас ұйымдастырылды.



Вернуться назад