Главная > Жаңалықтар > Ақпараттық сағат «Гемофилия: алаңсыз өмір сүру»

Ақпараттық сағат «Гемофилия: алаңсыз өмір сүру»


17-04-2025, 11:08. Разместил: Администратор

17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Гемофилия - бұл ауыр тұқым қуалайтын ауру, ол қан ұюының төмендеуімен сипатталады және буындарда, бұлшықеттерде және ішкі органдарда жиі қан кетулер мен қанталауы көрінеді, бұл тірек-қимыл жүйесінің ауыр зақымдалуына әкеледі. Әдетте бұл ауру ер адамдарға әсер етеді, ал әйелдер гемофилия тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді. Гемофилия туралы мәлімет беру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушыларымен «Гемофилия: алаңсыз өмір сүру» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.


Вернуться назад