Главная > Жаңалықтар > Естелік сағаты «Ұлы Жеңіс жаңғырығы»

Естелік сағаты «Ұлы Жеңіс жаңғырығы»


8-05-2025, 11:00. Разместил: Администратор

Соғыс – адамзаттың ең қорқынышты құбылысы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс орасан зор шығынмен келді. Біз мұны әрқашан есте сақтауымыз керек. Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты естелік сағаты өтті. Ісшара жүргізушілері қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық қаһармандардың ерен еңбектері, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, Кеңес Одағы Батырларының ерліктері, жерлестеріміз И.К. Скуридин, И.Ф. Омигов, М.В.Яглинский, Н.Ф.Карацупа туралы көптеген мәліметтер айтты. Шақырылған қонақтар: Ардагерлер кеңесінің төрайымы, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың балалары мен немерелері өз батырларының жауынгерлік жолдары туралы естеліктерімен бөлісті, фотосуреттерді, альбомдарды және соғыс жылдарындағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін алған марапаттарын көрсетті. Балалар ордендер мен медальдарға, альбомдарға, соғыс туралы әдебиеттерге қызығушылықпен қарап, жерлестеріміз, Кеңес Одағының Батырларының құжаттары мен фотосуреттері жинақталған папкаларға ерекше назар аударды. Кабдуллина Роза Кабиденқызы Роберт Рождественскийдің «Реквием» поэмасын оқыды. Іс-шарада «Біздің есімізде. Біз құрметтейміз. Біз мақтан етеміз» және «Жерлестеріміздің ерлігі» бейнероликтері көрсетілді. «Отты жылдар естелігі» атты кітап көрмесінде әдебиеттерге шолу жасалды.


Вернуться назад