Главная > Жаңалықтар > Танымдық іс-шара “Наурыз - жаңару мен бірліктің мерекесі”
Танымдық іс-шара “Наурыз - жаңару мен бірліктің мерекесі”17-03-2026, 16:10. Разместил: Администратор |
|
Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осыған орай модельдік орталық аудандық кітапханада «Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпаққа халқымыздың бай мұрасын таныстыру болды. Шара барысында ән шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық ойындарға оқушылар белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Кітапхана мамандары қазақтың дәстүрлі ас дайындау өнерін таныстырып, қамыр жайып, кеспе кесу үрдісін көрсетті. Вернуться назад |