Главная > Жаңалықтар > Мазмұнды әрі тағылымды іс-шара «Оқитын ұлт – қуатты мемлекет»

Мазмұнды әрі тағылымды іс-шара «Оқитын ұлт – қуатты мемлекет»


23-04-2026, 11:50. Разместил: Администратор

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні аясында модельдік орталық аудандық кітапханада «Оқитын ұлт – қуатты мемлекет» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Смайылов Ардақ Дулатұлы арнайы қатысып, кітапхана саласының қызметкерлерін және кітапхана серіктестерін алғыс хаттармен марапаттап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Кеш барысында кітапқа жан бітіретін, білім мен парасаттың жаршысы – қазақ әйелінің нәзік те көркем бейнесі, сондай-ақ ел тарихында із қалдырған батыр әйелдер тұлғасы сахналық көріністер арқылы әсерлі түрде ұсынылды. Әсем ән шырқалып, жүрекке жетер авторлық өлеңдер оқылды.
Рухани мәні терең шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жылы естелікке толы фотосессиямен қорытындыланды


Вернуться назад