Главная > Жаңалықтар > Танымдық іс-шара «Ұлттар достығы-бірлік пен бейбітшіліктің кілті»
Танымдық іс-шара «Ұлттар достығы-бірлік пен бейбітшіліктің кілті»29-04-2026, 09:05. Разместил: Администратор |
|
Модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Ұлттар достығы-бірлік пен бейбітшіліктің кілті» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға достық пен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымаққа баулу. Шара барысында қатысушылар достық туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақ-жауап, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Пазл ойыны ойнатылып, командалық жұмыс арқылы бірлік пен өзара қолдаудың маңызы көрсетілді. Іс-шара аясында достық туралы мазмұнды бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Вернуться назад |