Главная > Жаңалықтар > Танымдық сағат Қасиетті борыш – Отан қорғау

Танымдық сағат Қасиетті борыш – Отан қорғау


5-05-2026, 09:41. Разместил: Администратор

Модельдік орталық аудандық кітапхана мен модельдік балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Макинск қаласындағы мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушыларымен «Қасиетті борыш — Отан қорғау» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, елін, жерін қорғауға деген құрмет сезімін арттыру.Шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Әскери эмблема» атты шығармашылық тапсырманы орындап, өз қиялдары мен топтық жұмыс дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, «Қисық қалам» атты қызықты топтық ойын ойналып, қатысушылар өзара ұйымшылдық пен белсенділіктерін танытты.Іс-шараның жалғасында оқушыларға түрлі ситуациялық сұрақтар ұсынылып, олар өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты.Танымдық сағат оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара соңында естелік фотосессия ұйымдастырылып, жылы атмосферада қорытындыланды.


Вернуться назад