Главная > Жаңалықтар > Әдеби кеш «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Әдеби кеш «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»


20-02-2026, 14:21. Разместил: Администратор

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты № 2 жалпы білім беретін орта мектепте Модельдік балалар кітапханасының мамандары 6 «Б» сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізді.

Кеш барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен кеңінен танысып, оның балалық шағынан бастап ақындық биікке дейінгі тағылымды ғұмыры жайлы мәлімет алды. Ақынның сырлы да мұңды жырларынан үзінділер оқылып, жүрекке жеткен өлең жолдары оқушыларға ерекше әсер сыйлады.Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар поэзия әлеміне терең бойлады. 6 «Б» сынып оқушылары Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын рухына тағзым етті.Кештің әсерлі сәттерінің бірі — «Ақынға хат» бөлімі болды. Оқушылар өз жүрек түкпіріндегі ойларын қағазға түсіріп, Мұқағалиға арнаған хаттарын оқыды. Бұл бөлім жас ұрпақтың ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін, құрметін айқын көрсетті.Әдеби кеш жас буынның поэзияға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген құрметін тереңдете түсті. Мұқағали жырлары — мәңгілік, ал оның есімі халық жүрегінде әрдайым сақталады.


Вернуться назад