Главная > Жаңалықтар > Әдеби сағат «Ұлттар достығы»
Әдеби сағат «Ұлттар достығы»30-04-2026, 15:42. Разместил: Администратор |
|
28 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай Модельдік балалар кітапханасында 1 мамыр бірлік күніне арналған «Ұлттар достығы» атты әдеби сағат өткізілді. Макинск қаласының 2 орта мектебінің 5 және 6 сынып оқушылары бірлік күніне арналған әр — түрлі ұлттар өз жылы лебізін білдірді. Герлинг Женя — неміс тілінде, Шалуткина Арина- қазақ тілінде, Шуляк Катя — украин тілінде, Карбаева Ульяна- орыс тілінде, Плиева Дарина — ингуш тілінде, Хорькова Таля- цыган тілінде өз құттықтауларын білдірді. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз — молшылыққа, ал әрбір шаңырақта бақыт пен шаттыққа толы болсын. Вернуться назад |