Главная > Жаңалықтар > Бейне-поэзия «Ғасырлар даналығы»
Бейне-поэзия «Ғасырлар даналығы»10-08-2026, 09:16. Разместил: Администратор |
|
Модельді балалар кітапханасында ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ғасырлар даналығы» атты бейнепоэзия дайындалды. Іс-шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары — Болуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Інжу Тастыбай және мектеп-гимназиясының оқушысы Калиакпарова Аружан — Абайдың белгілі өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның терең ойлары мен шығармаларының мазмұнын, поэтикалық сөзінің көркемдігін жеткізе білді. Бейнеролик ұлы ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттау, оның туындыларына деген қызығушылықты арттыру және өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында дайындалып, кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Абайдың даналық пен өмірлік философияға толы шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақты ізгілікке, білімге, еңбекке және рухани құндылықтарға баулиды. Ұлы ақынның өнегелі сөздері әрдайым жаңғырып, жас оқырмандарға шабыт сыйлай берсін!
Вернуться назад |