Главная > Жаңалықтар > Шығармашылық сабақ «Сиқырлы қылқалам»

Шығармашылық сабақ «Сиқырлы қылқалам»


6-08-2026, 12:26. Разместил: Администратор

«Кітаптар ғажайыптар еліне жазғы саяхат» жазғы оқу бағдарламасы аясында Модельді балалар кітапханасында «Сиқырлы қылқалам» атты шығармашылық сабақ өтті. Кездесу басында жас оқырмандар балалар әдебиетінің жаңа кітаптарымен танысып, түрлі-түсті безендірілген басылымдарды тамашалап, өздері үшін қызықты жаңа кітаптарды ашты. Кейін балалар ертегілердің ғажайып әлеміне саяхат жасап, бояулар мен қылқаламның көмегімен өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін қағаз бетіне бейнеледі.


Вернуться назад