Главная > Ұлы даланың ұлы есімдері > «Орта Азияға ортақ тұлға» портрет сағат

«Орта Азияға ортақ тұлға» портрет сағат


21-02-2023, 12:19. Разместил: Администратор

Бұланды атындағы орталық кітапхананың орталық модельдік аудандық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Орта Азияға ортақ тұлға» портрет сағат өтті. Ісшараға қатысушылар Кеңес өкіметі жылдарында еңбек етіп, ел ағарту саласының дамуына үлес қосқан Жүргеновтің қайраткерлік істеріне тоқталды.

Оның тұсында бастауыш білім беретін мектептер ашылып, техникумдар мен университеттер құрылды. Оның бастамасымен театрландырылған қазақ қойылымдары қойылып, оның ішінде «Қыз Жібек» операсы мен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы бүкіл елге паш етті. Жиналғандар оның өмірінен сыр шертетін «Ұрпаққа із қалдырған дара Темірбек Жүргенов» бейнеролигін тамашалады. «Тарихта қалған тарланбоз» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде құжаттарға шолу жасалды.


Вернуться назад