Популярные новости
Архив сайта
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»
Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Модельдік аудандық кітапханасында «Айналайын» клубының жасөспірімдерімен «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні» дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы атты ісшара өткізілді.
Іс - шарада жүргізуші Наурыз мерекесімен қонақтарды құттықтап, тарихына толықтай тоқталып, наурыз мерекесіндегі амандасудың ерекшеліктерін түсіндірді.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін деп оқушылар бір –бірімен құшақтасып, төс қағыстырды. «Ақ жаулық» әжелер тобы шашуға арналған тілектерін айтып, шашуларын шашып, жастарға баталарын берді .
«Айналайын» клубының қатысушылары Шәкір Динара және Әбдіхалық Динара «Мереке» әнін орындады.
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлер туралы айтылып, жастарға тәлім-тәрбие және дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Ақ жаулық» әжелер тобы «Бесікке салу» салт- дәстүрін көрсетті. «Бесік жыры» әні орындады.
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері туралы викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар жауаптарын айтты.Олар: аңшылыққа, төрт - түлікке, ұлттық ойынға, салт – дәстүрге байланысты. Асық ойыны, арқан тарту, қол күрес, сақина салу ойындарына жастар белсене қатысты.
«Айналайын» клубының қатысушылары «Қамажай» биін биледі.
Мақсаты: Жастарды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.
Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Дәстүрмен жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы  «Наурыз, көктем мерекесі, ұлыстың Ұлы күні»

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.