Популярные новости
Архив сайта
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»
Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бұланды ОКЖ-нің модельдік аудандық кітапханасында, халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтың 155 жылдығына арналған «Халықтың ұлы баласы» тақырыбында портрет кеші өткізілді.

Іс – шара барысында Балуан Шолақтың өмірі, шығармалары жан – жақты талқыланды. Іс- шараға қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Кеш қонақтары: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлжанат Бекмырза қызы, Макинск №5 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Муса Маржангүл және Макинск қаласы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, әрі жас ақын Нұртуған Серік ұлы өздерінің құнды мәліметтерімен бөлісіп, оқушылар сұрақтарына жауап берді. Балуан Шолаққа арналған слайдтар мен «Ғалия» әні теледидардан көрсетілді. «Халықтың ұлы баласы» атты кітап көрмесіне әдебиеттік шолу жасалды.
Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Портрет кеші «Халықтың ұлы баласы»

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.