Главная > Жаңалықтар > Әдеби сағат «Мен кең далада өмір сүрдім»

Әдеби сағат «Мен кең далада өмір сүрдім»


14-04-2023, 14:35. Разместил: Администратор

Бұланды орталықтандырылған кітапханаларының модельдік   орталық аудандық кітапханасының маманы 14 – сәуір күні Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, жазушы Қасым Қайсеновтың туғанына – 105 жыл толуына орай «Мен кең далада өмір сүрдім» әдеби сағат өткізді.  

Іс-шара Балуан Шолақ мектеп-лицей атындағы  мектебінің 8 «Б» - сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстырып, «Халық қаhарманы Қасым Қайсенов»  атты презентациясы, «Ерлік істерімді батырлық деп санаймын»  бейнеролик көрсетіліп және викториналық сұрақтар қойылып оқушылар қызығушылықпен жауап берді.                                                                       

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қасым Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу,батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.   
 



Вернуться назад