Бұланды орталықтандырылған кітапханаларының модельдік орталық аудандық кітапханасының маманы 14 – сәуір күні Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, жазушы Қасым Қайсеновтың туғанына – 105 жыл толуына орай «Мен кең далада өмір сүрдім» әдеби сағат өткізді.
Іс-шара Балуан Шолақ мектеп-лицей атындағы мектебінің 8 «Б» - сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстырып, «Халық қаhарманы Қасым Қайсенов» атты презентациясы, «Ерлік істерімді батырлық деп санаймын» бейнеролик көрсетіліп және викториналық сұрақтар қойылып оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қасым Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу,батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.