Белгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері, сатирик-жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 120 жыл толуына орай Модельдік балалар кітапханасының мамандары Болуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушыларына «Ән мен жырдың асқар шыңы — Асқар Тоқмағамбетовтің 120 жылдығы» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Модельді балалар кітапханасында «Кітапты аш — әлемді аш» атты әдеби саяхат өтті. Жас оқырмандар кітапханаға қызықты кітаптар, жаңа білімдер мен тартымды оқиғаларды іздеп келді. Балалар кітап жаңалықтарымен қызығушылықпен танысып, түрлі-түсті иллюстрацияларды тамашалап, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдады. Кездесу балаларға кітап — қиял, білім және таңғажайып жаңалықтар әлеміне бастайтын жолсерік екенін көрсетті. Әрбір ашылған кітап — армандауға, білуге және әлемді жаңаша тануға шабыт беретін жаңа саяхаттың бастауы!
Модельді балалар кітапханасында ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ғасырлар даналығы» атты бейнепоэзия дайындалды. Іс-шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары — Болуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Інжу Тастыбай және мектеп-гимназиясының оқушысы Калиакпарова Аружан — Абайдың белгілі өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның терең ойлары мен шығармаларының мазмұнын, поэтикалық сөзінің көркемдігін жеткізе білді. Бейнеролик ұлы ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттау, оның туындыларына деген қызығушылықты арттыру және өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында дайындалып, кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Абайдың даналық пен өмірлік философияға толы шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақты ізгілікке, білімге, еңбекке және рухани құндылықтарға баулиды. Ұлы ақынның өнегелі сөздері әрдайым жаңғырып, жас оқырмандарға шабыт сыйлай берсін!
Модельді балалар кітапханасында ұлы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына арналған «Абайдың даналығы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шараға мектеп-гимназияның 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Балалар ақынның өмірі туралы қызықты деректермен танысып, білім, адалдық, еңбекқорлық және мейірімділік сияқты маңызды өмірлік құндылықтарды насихаттайтын шығармаларын оқыды. Іс-шараға ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы Қалиев Ануар Маратович те қатысты. Жасөспірімдермен болған әңгіме өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, мінез-құлық мәдениеті, заң талаптарын сақтау және әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс таңдау жасай білу тақырыптарына арналды. Кездесу тек танымдық қана емес, тәрбиелік мәні де зор болды. Абайдың тағылымды сөздері мен инспектордың маңызды кеңестері балаларға білімді, жауапты әрі адамгершілігі мол тұлға болудың маңызын түсінуге көмектесті. Өйткені даналық, білім және дұрыс әрекет — бақытты әрі жарқын болашақтың негізі.
«Кітаптар ғажайыптар еліне жазғы саяхат» жазғы оқу бағдарламасы аясында Модельді балалар кітапханасында «Сиқырлы қылқалам» атты шығармашылық сабақ өтті. Кездесу басында жас оқырмандар балалар әдебиетінің жаңа кітаптарымен танысып, түрлі-түсті безендірілген басылымдарды тамашалап, өздері үшін қызықты жаңа кітаптарды ашты. Кейін балалар ертегілердің ғажайып әлеміне саяхат жасап, бояулар мен қылқаламның көмегімен өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін қағаз бетіне бейнеледі.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай күніне арналған «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы…» челленджін жариялады. Осы челленджге Бұланды ОКЖ-нің Модельдік балалар кітапханасының оқырманы Інжу Тастыбай қатысты.
Модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары қазақ поэзиясы мен ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғасы» атты әдеби-шолу жасады. Шара барысында оқырмандар назарына ақынның өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы, ғылыми зерттеулері мен аударма саласындағы еңбектері жан-жақты баяндалды.
Бұланды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде директордың қатысуымен Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша Модельдік балалар және қалалық кітапханалардың кітапханашыларымен әдістемелік кеңес өткізілді.
Дінішев Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 31 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Әкесі Мұса Бөкенбайұлының арғы тегі Батыс Қазақстан облысы, Казталовка өңірінен шыққан.Соғыста «Отан» газетінің әскердегі тілшісі болған, ауылына аман-есен оралған соң, Алматыға қоныс аударады.