1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхана маманы ,Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізді.

2025 жылғы 23 сәуір күні Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған “Кітап - алтын қазына” тақырыбында кітапханалық алаңы мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханада модельдік балалар кітапханасымен бірлесіп «Айналайын» жасөспірімдер клубы мүшелерінің, Макинск қаласы гимназия мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» тақырыбында салт-дәстүр сағаты болып өтті. Іс-шара шашу шашылып,ән айтумен басталды. Негізгі бөлімде ұлттық ойындар, наурыз мерекесінің тарихы, «Шашбау» тағу салты көрсетіліп, домбырада ән айтылып, бұрымды қыздар би билеп іс-шара жақсы көңіл күйде ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық құндылықтар, ата-баба дәстүрі туралы көптеген мәліметтер алды.

17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Гемофилия - бұл ауыр тұқым қуалайтын ауру, ол қан ұюының төмендеуімен сипатталады және буындарда, бұлшықеттерде және ішкі органдарда жиі қан кетулер мен қанталауы көрінеді, бұл тірек-қимыл жүйесінің ауыр зақымдалуына әкеледі. Әдетте бұл ауру ер адамдарға әсер етеді, ал әйелдер гемофилия тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді. Гемофилия туралы мәлімет беру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушыларымен «Гемофилия: алаңсыз өмір сүру» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл. Дәулескер домбырашы 1925 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Модельдік балалар кітапханасының оқырманы Ануарбек Мирас Назарбекұлының орындауында «Әл-қисса» күйін оқырмандар назарына ұсынды.

Модельдік орталық аудандық кітапханада Ж.Ташеновтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» тақырыбында тарихи портрет кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары тақырып бойынша материалдар, кітаптар, энциклопедиялар топтастырылған көрмемен танысып, көптеген мәліметтер алды.

18 наурыз 11:00 де модельдік орталық аудандық кітапханада «Жылы сөзбен бір бірімізді жылытамыз» тақырбында ашық есік күні болып өтті. Іс - шараға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Шара шашу шашылумен басталды. Негізгі бөлімде наурыз мерекесінің тарихы баяндалып, қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысты. Іс – шара қызықты өтіп наурызға арналған дастарқанмен аяқталды. Белсенді қатысқан қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.

17 наурыз модельдік орталық аудандық кітапханада «AMANAT» партиясы филиалымен бірлесіп «Еңбек адамы – елдің байлығы» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Бұланды аудандық маслихатының төрағасы Сексенов Н.Б, «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы Хожабай Р.Т, "Бұланды Ақпарат" газетінің редакторы Аманжолова А.Е, «ХПП Арна» жұмысшы мамандары, қатысты. Кездесу барысында шара қонақтары өз мамандықтары жайлы айтып, еңбек жолындағы қызықты да маңызды мәліметтермен бөлісті. Бұланды аудандық мәдениет үйі қызметкерлері ән шашуларын арнады. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу фотосессиямен аяқталды.

Жастардың білім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына септігін тигізетін көптеген білім ошақтары бар. Солардың бірі аудандық кітапхана. Оқушыларды жаңа келіп түскен кітаптармен таныстырып, кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы «Кітаппен дос болайық» кітап кеші ісшарасын өткізді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханасында Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымымен "Арулар - асыл жандар" атты мерекелік кеш өткізілді.