2025 жылғы 23 сәуір күні Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған “Кітап - алтын қазына” тақырыбында кітапханалық алаңы мерекелік іс-шарасы болып өтті.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханада модельдік балалар кітапханасымен бірлесіп «Айналайын» жасөспірімдер клубы мүшелерінің, Макинск қаласы гимназия мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» тақырыбында салт-дәстүр сағаты болып өтті. Іс-шара шашу шашылып,ән айтумен басталды. Негізгі бөлімде ұлттық ойындар, наурыз мерекесінің тарихы, «Шашбау» тағу салты көрсетіліп, домбырада ән айтылып, бұрымды қыздар би билеп іс-шара жақсы көңіл күйде ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық құндылықтар, ата-баба дәстүрі туралы көптеген мәліметтер алды.
17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Гемофилия - бұл ауыр тұқым қуалайтын ауру, ол қан ұюының төмендеуімен сипатталады және буындарда, бұлшықеттерде және ішкі органдарда жиі қан кетулер мен қанталауы көрінеді, бұл тірек-қимыл жүйесінің ауыр зақымдалуына әкеледі. Әдетте бұл ауру ер адамдарға әсер етеді, ал әйелдер гемофилия тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді. Гемофилия туралы мәлімет беру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушыларымен «Гемофилия: алаңсыз өмір сүру» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Модельдік орталық аудандық кітапханада Ж.Ташеновтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» тақырыбында тарихи портрет кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары тақырып бойынша материалдар, кітаптар, энциклопедиялар топтастырылған көрмемен танысып, көптеген мәліметтер алды.