Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Балуан Шолақ  өмір жолымен танысып,  бос уақыттың бір түрі ретінде кітап пен кітап оқуды кеңінен насихаттау, демалыстың алуан түрін кеңінен қарастырып,  кәсіби ынтымақтастықтың, серіктестіктің және қоғаммен өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын енгізу мақсатында модельдік орталық аудандық кітапханада «Кітапхана ашық идеялар әлемі» атты кітапхана түні өтті.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады.

Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).  Модельдік балалар кітапханасының оқырмандармен Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай  «Аты аңызға айналған қаҺарман» атты Әдеби панорама өтті.  Іс-шараға тақырыптық ұйымдастырылды,   каһарман ғалымның кітаптарына әдеби шолу жасалынды. 

Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы. Ақша отбасының байлығын ғана емес, мемлекеттің әл-ауқатын да анықтайды. Қазақстанның Ұлттық валютасы күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» атты қызықты хабарламалар сағатын өткізді.


Модельдік балалар кітапханасының оқырмандары  мектеп гимназияның 5 «Ә» сынып оқушылары  Баянғали Алимжновтын 70 -жас мерей тойына орай «Жан- жақты талантты ақын» атты әдеби сағатына қатысты. 
Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында  жазушының өмірібаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет айтып, ақынның жан –жақты екенің видео-бейнеде көрсетілді. Іс- шара барысында оқырмандар ақының жазған өлендерін мәнерлеп оқып, кітапханашының айтқан мәліметінен , ақын жайлы постер дайындап оны  қорғады.Кітап көрмедегі жазушының кітаптарына әдебиеттік шолу жасалынды.


Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Бұланды модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылығына арналған «Адалдықтың үлгісі - Әбдіжәміл Нұрпейісов» атты портрет сағатын кітапхана пайдаланушыларымен өткізді.

«Айбынды елдің азат ұрпағы» атты патриоттық калейдоскобын Модельдік балалар кітапханасының оқырмандары мектеп-гимназияның 5ә сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының гимні орындалды, сонымен қаттар мақал-мәтелдермен жарысып, «анаграмма» , «сөз құрау», «бәйге» викториналарына белсенді қатысты. Іс-шара соңында «Қазақстан Отаным Арайлым» атты әнін Жатай Амина орындап шықты. Іс-шара оқушылардың көңілдерінен шықты.

Қазақстан Республикасы күні және Кітапханашылар күні қарсаңында Бұланды ОКЖ – нің кітапхана қызметкерлерінің «Кітапхана ісі: жұмыс нәтижесі, өзара тиімді істер» атты семинары модельдік орталық аудандық кітапханада өтті.

Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары жазушы, композитор, өнертанушы, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Ән мен сөздің қамқоршысы – Ілия Жақанов»,атты портрет кешін өткізді.

Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық және модельдік балалар кітапханасының мамандары «Өлке шежіресіндегі есім» әдеби-сазды композициясын өткізді. Ісшараға: мәдениет бөлімінің бас маманы, тілдерді оқыту орталығының басшысы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.