Танымдық ойын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

5-ші қыркүйек күні модельдік балалар кітапханасында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай Балуан шолақ атындағы мектеп-лицейінің 6 в сынып оқушыларының қатысуымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты танымдық-ойын түріндегі іс-шара өткізілді. Қазақстан халқының тілдер күнін мерекелеудің басты мақсаты – жас ұрпақты көп тіл білуге баулу,өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу және достықты дәріптеу болды. 

Іс-шара бірнеше қызықты кезеңнен тұрды. Алдымен «Сәлемдесу» бөлімінде балалар әртүрлі тілде амандасып, көп тілдің ортақ достыққа бастайтынын көрсетті. «Сөз қаруы - ой» атты бөлімде оқушылар бейнематериал тамашалап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. «Қанат қақты» кезеңінде мақал-мәтелдерді жалғастырып, халық даналығын дәріптесе, «Полиглот» ойынында жұмбақ шешіп, жауабын үш тілде айту арқылы өз білімдерін сынады.

Іс-шара соңында кітапханашылар балаларды «Тіл – достық қазынасы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Мұнда әртүрлі халық тілдері туралы әдебиеттер, сөздіктер, балаларға арналған танымдық кітаптар ұсынылды.

Кітапханадағы мерекелік шара жас жеткіншектерге тілдің қадір-қасиетін ұғындырып, өз ана тілін қастерлеумен қатар, өзге тілдерді білуге деген қызығушылығын арттырды.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.