"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында модельдік орталық аудандық   кітапханасында "Түркі өркениетінен  қазіргі заманға дейін" атты әдеби сағаты өтті, ісшараға «Айналайын» клубының  мүшелері мен оқырмандар қатысты.

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күнін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ретінде белгіленіп отыр. 

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күнін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ретінде белгіленіп отыр. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылдың 22 қарашасында  қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы Балуан Шолақ мектеп лицейінің 8 сынып оқушыларымен «Еңбек түбі-береке» атты ашық әңгіме сағатын өткізді.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы  №2 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының мақтанышы» атты әдеби – сағат өткізді. Іс шара барысында жүргізуші  А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына толықтай тоқталып, викториналық сұрақтар қойды. Оқушылар ақынның өлең шумақтарын мазмәнерлеп оқыды. «Жазушы және өмір» тақырыбында кітап көрмесі жасалды.

Бұланды орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің модельдік  орталық кітапханасының мамандары «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында «Тарихқа оралу» инновацияық жобасы бойынша виртуалды жұмыс жасауда. Туған өлке туралы әдебиеттермен таныстыру мақсатында мамандар сіздердің назарларыңызға «Естеліктер арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік» библио-микс дайындап әлеуметтік желілерге  жүктеді.