«Адалдық алаңы» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеуге барлығы қатыса алатын ашық алаңға айналды. Осы жоба аясында 13 - ақпанда модельдік аудандық кітапханада «Парасат жолы» орталығы модельдік балалар кітапханасымен бірге ашылды, онда «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ - біздің ортақ мақсатымыз» атты көрме-үндеуі ұйымдастырылды. Орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс істейді: адалдық, әділеттілік, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау. Сонымен қатар өзекті мәселелерді талқылау мен кездесулер өткізіледі.