«Қасиетті домбыра» Музыкалық-әдеби композиция

Қазақстан жыл сайын 2018 жылдан бастап домбыра күнін атап өтеді. Биыл домбыра күні 6 шілдеде атап өтіледі. Домбыра — халқымыздың жүрегінен шыққан әуен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қасиетті аспап. Оның үнімен бабаларымыз қуанды, мұңайды, жыр арнады, күй толғады. «Елім-ай» клубы аясында Ұлттық домбыра күніне арналған Модельдік балалар кітапханасында «Қасиетті домбыра» атты музыкалық-әдеби композиция ұйымдастырылды.

Іс-шараға №2 жалпы орта білім беретін мектептің «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерінің балалары, сондай-ақ арнайы қонақ ретінде облыстық және республикалық ән байқаулары мен ақындар айтысының жүлдегерлері Елешұлы Нұрғиса мен Қызырбек Сырым шақырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнеріміз – домбыраны дәріптеу, балалардың музыкалық мәдениетін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар алдымен қонақтармен танысты, содан кейін «Домбыра мұра – күй қазына» атты бейнероликті тамашалады. 

Балаларға арналған «Домбыра сыры» атты танымдық викторина өткізіліп, олар домбыра туралы қызықты мәліметтер біліп, белсенді жауап беріп отырды. Қонақтарымызға сұрақтар қойылып, қызықты сұхбат өтті. Сонымен қатар, жас өнерпаздарымыз қазақтың «Беу Айдай», «Күміс құман-ай» халық әндерін орындап, балаларды домбыраның қоңыр үнімен тәнті етті. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Төлеутай Алихан мен Таирхан «Тепеңкөк» халық күйін орындады.

Іс-шара соңында қонақтарымызға кітапханамыздың атынан естелік ретінде кітаптар сыйға тартылып, «Домбыра – дала үні» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.