Қазақстан жыл сайын 2018 жылдан бастап домбыра күнін атап өтеді. Биыл домбыра күні 6 шілдеде атап өтіледі. Домбыра — халқымыздың жүрегінен шыққан әуен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қасиетті аспап. Оның үнімен бабаларымыз қуанды, мұңайды, жыр арнады, күй толғады. «Елім-ай» клубы аясында Ұлттық домбыра күніне арналған Модельдік балалар кітапханасында «Қасиетті домбыра» атты музыкалық-әдеби композиция ұйымдастырылды.