Пікір алмасу сағаты “Ұлттық құрылтай – маңызды мәселелер шешімі”

2026 жылдың қаңтарында Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы болып өтті. Бұл құрылтай — елдің саяси-қоғамдық дамуын айқындайтын маңызды форум, онда мемлекет пен қоғам өкілдері бірлесіп ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Осы орайда модельдік орталық аудандық кітапханада “Ұлттық құрылтай – маңызды мәселелер шешімі” тақырыбында пікір алмасу сағаты болып өтті. Іс-шара барысында қатысушылар құрылтайдың маңызы, оның ел бірлігін нығайтудағы рөлі және қоғамдық келісімді дамытудағы үлесі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ құрылтайда көтерілген негізгі мәселелер мен қабылданған бастамалар талқыланды.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.