Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)

Наурыз айы тамаша мерекелер айы, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Наурыз мейрамы. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы. Орталық модельдік аудандық кітапханада «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында «Наурыз – ұлы даланың ұлы мерекесі» салт-дәстүр сағаты өтті. 
15 наурыз – жайлау күні. Дәл осы күні табиғат анаға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, тұрғындар көшет егіп, қоқыстан тазарту шараларын ұйымдастырады. Шырайлы Шығысқа кеш келетін көктем мезгілі бұл игілікті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенімен, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мерекенің мәні мен маңызы зор. «Бір тал кессең, он тал ек»,«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» — деп дана халық айтпақшы, табиғатты аялау,қорғау бізге де жүктелген міндет.Осыған орай Модельдік балалар кітапханасы мамандары алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, айналадағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады. 
14 наурыз - Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Международный женский день - главный праздник весны, цветов и хорошего настроения! Ещё утопают улицы в сугробах, ещё сыплется с неба мягкий снег, но уже чувствуется в воздухе запах весны, уже готовится природа к пробуждению. В это прекрасное время мы отмечаем один из  светлых праздников - 8 Марта!

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында "Әлем ана махаббатымен әдемі" тақырыбында мерекелік тәтті тілектерін өткізді.
  1 марта – День благодарности Республики Казахстан. Этот весенний день наполнен светом и теплом открытых сердец, пронизан искренностью пожеланий.  Специалисты модельной центральной районной библиотеки  Буландынской ЦБС в  центре оказания специальных социальных услуг провели литературно – музыкальную  композицию «День благодарности – праздник единства». 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру,үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Мың алғыс саған,Қазақстаным!» атты танымдық сағатын өткізді.Шараға қалалық мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары ат салысып,мереке күні туралы мәліметтермен танысты.Екі командаға бөлініп,мерекелік викторина ойнатылып,оқушылар өз білімдерін ортаға салды.Мерекелік көңіл-күй орнап,естелік суретке түсті. Оқырман қауым,кітап әлемінде бізбен тізерлесе сапар шегіп,терең түсінігіңізбен,пайым-парасатыңызбен іс-шараларға атсалысып жүргендеріңіз үшін айрықша алғысымызды айта келіп,сіздерді де осынау тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
В модельной центральной  районной библиотеке Буландынской ЦБС прошел час портрет «Орта Азияға ортақ тұлға» , посвященный 125-летию выдающегося государственного и общественного деятеля Темирбека Жургенова. 
Модельдік балалар кітапханасы мамандары "Балалар қолдарының сиқыры" үйірмесінің кішкентай мүшелерімен әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, бейнелі ойлай білу, өз ойларын өнер туындысына айналдыра білу, шығармашылық, жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында "Ертегі кейіпкерлері" атты сиқырлы қолөнер сабағы өткізді.Кішкентай оқырмандар қағаздан ертегі кейіпкерлерінің бейнесін қиып,өздерінің қиялдарына ерік берді.Шара барысында қазақ және әлемдік ертегі кейіпкерлері туралы әңгіме қозғалды.Бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлері жайлы қуана-қуана айтып берді.