Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 — де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 — мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 81 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы баршамызға құтты болсын.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Қасиетті борыш — Отан қорғау» тақырыбында танымдық патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштері туралы мағлұмат беріліп, батырларымыздың ерлігі жайында әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына Отан қорғау, ерлік пен батырлық жайындағы әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар арасында сұрақ-жауап, викториналық ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды. Шара соңында қатысушылар Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіп, өз ризашылықтарын білдірді.

Модельдік орталық аудандық кітапхана мен модельдік балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Макинск қаласындағы мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушыларымен «Қасиетті борыш — Отан қорғау» атты танымдық сағат өткізілді.

28 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай Модельдік балалар кітапханасында 1 мамыр бірлік күніне арналған «Ұлттар достығы» атты әдеби сағат өткізілді. Макинск қаласының 2 орта мектебінің 5 және 6 сынып оқушылары бірлік күніне арналған әр — түрлі ұлттар өз жылы лебізін білдірді. Герлинг Женя — неміс тілінде, Шалуткина Арина- қазақ тілінде, Шуляк Катя — украин тілінде, Карбаева Ульяна- орыс тілінде, Плиева Дарина — ингуш тілінде, Хорькова Таля- цыган тілінде өз құттықтауларын білдірді. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз — молшылыққа, ал әрбір шаңырақта бақыт пен шаттыққа толы болсын.

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы — бірлік пен бейбітшіліктің кепілі» атты танымдық сағат дайындап, өткізді. Іс-шараға № 1 жалпы білім беретін мектептің 3 «Б» сынып оқушылары қатысты.

28 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай Модельдік балалар кітапханасында 1 мамыр бірлік күніне арналған «Ұлттар достығы» атты әдеби сағат өткізілді. Макинск қаласының 2 орта мектебінің 5 және 6 сынып оқушылары бірлік күніне арналған әр — түрлі ұлттар өз жылы лебізін білдірді. Герлинг Женя — неміс тілінде, Шалуткина Арина- қазақ тілінде, Шуляк Катя — украин тілінде, Карбаева Ульяна- орыс тілінде, Плиева Дарина — ингуш тілінде, Хорькова Таля- цыган тілінде өз құттықтауларын білдірді. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз — молшылыққа, ал әрбір шаңырақта бақыт пен шаттыққа толы болсын.

Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Ұлт музыкасының ұлы ұстазы» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандарға ғалым-композитордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның қазақ музыкасын зерттеудегі еңбегі, халық күйлерін жинақтап, нотаға түсірудегі рөлі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға Ахмет Жұбановтың шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттерден көрме ұсынылды. Іс-шара аясында күй тыңдалып, викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Бұл кездесу жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын ұғындыруға, қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Ұлттар достығы-бірлік пен бейбітшіліктің кілті» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға достық пен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымаққа баулу. Шара барысында қатысушылар достық туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақ-жауап, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Пазл ойыны ойнатылып, командалық жұмыс арқылы бірлік пен өзара қолдаудың маңызы көрсетілді. Іс-шара аясында достық туралы мазмұнды бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні аясында модельдік орталық аудандық кітапханада «Оқитын ұлт – қуатты мемлекет» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Смайылов Ардақ Дулатұлы арнайы қатысып, кітапхана саласының қызметкерлерін және кітапхана серіктестерін алғыс хаттармен марапаттап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Кеш барысында кітапқа жан бітіретін, білім мен парасаттың жаршысы – қазақ әйелінің нәзік те көркем бейнесі, сондай-ақ ел тарихында із қалдырған батыр әйелдер тұлғасы сахналық көріністер арқылы әсерлі түрде ұсынылды. Әсем ән шырқалып, жүрекке жетер авторлық өлеңдер оқылды.
Рухани мәні терең шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жылы естелікке толы фотосессиямен қорытындыланды

Модельдік орталық аудандық кітапханада «Кітапхана түні» аясында мазмұнды әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Кеш барысында қатысушылар үшін «Кино тайм» өткізіліп, көрермендер танымдық фильмнен үзінді тамашалап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар оқырмандардың білімін шыңдауға арналған викториналық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Кештің ерекше сәттерінің бірі — «Фантазеры» тобының сахналық қойылымы болды. Қойылым көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық атмосфера қалыптастырды.