Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Ұлт музыкасының ұлы ұстазы» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандарға ғалым-композитордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның қазақ музыкасын зерттеудегі еңбегі, халық күйлерін жинақтап, нотаға түсірудегі рөлі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға Ахмет Жұбановтың шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттерден көрме ұсынылды. Іс-шара аясында күй тыңдалып, викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Бұл кездесу жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын ұғындыруға, қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Ұлттар достығы-бірлік пен бейбітшіліктің кілті» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға достық пен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымаққа баулу. Шара барысында қатысушылар достық туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақ-жауап, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Пазл ойыны ойнатылып, командалық жұмыс арқылы бірлік пен өзара қолдаудың маңызы көрсетілді. Іс-шара аясында достық туралы мазмұнды бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.