2025 жылғы 23 сәуір күні Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған “Кітап - алтын қазына” тақырыбында кітапханалық алаңы мерекелік іс-шарасы болып өтті.
Шараға Бұланды ауданы әкімі Смайылов Ардақ Дулатұлы, кітапхананың көп жылдық тұрақты оқырмандары және Макинск қаласының N1 жалпы білім беретін мектебінің 8-9 сынып оқушылар қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкерлері кітаптың тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріп, кітаптың шығу тарихы туралы видео көрсетілді. Сонымен қатар, кітапхананың белсенді оқырмандарына аудан әкімі атынан әр оқырманның өз ерекшелігіне байланысты номинациялар жазылған Мадақтама табысталды.