Кітапханашы балаларды осы көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның әдебиетке қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік берген бейнеролик ұсынды. Ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу — кештің басты мақсаты болды. Балалар іс-шараға белсене қатысып, жазушы туралы кластер құрып, Тоқмағамбетов жайлы ақпаратты жүйелеп, көзбен көруге мүмкіндік алды. Қатысушылар жазушының «Қарлығаш пен қабан», «Бұғы мен бұқа», «Қазға еліктеген қарға», «Ешкі мен бастық», «Терек пен алма» атты өлеңдерін оқып, оның мазмұны бойынша қызу әңгімеге араласып, әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында кітапхана маманы оқушыларды «Халық жүрегіндегі ақын» атты кітап көрмесімен таныстырды. Бұл балаларды ақын шығармашылығын әрі қарай оқуға және тереңірек зерттеуге шабыттандырды.